Skip to content

НАЗАРБАЕВ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ОРНЫНА ПРЕЗИДЕНТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

     Астанада Назарбаев кітапханасының орнына жаңа орталық ашылды. Кітапхана базасында президенттік орталық құрылды. Президент іс басқармасы оның қандай қызмет атқаратынын түсіндіріп берді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент іс басқармасының хабарлауынша, орталықта мемлекет басшыларының тарихи мұрасы сақталады. Орталықтың өзі тәуелсіз Қазақстан көшбасшыларының тарихи мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттаумен айналысатын болады.

Сонымен қатар, Қазақстанның президенттік институтына қатысты жәдігерлер сақталады.

“Жаңадан құрылған орталыққа экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке мұрағатынан және жеке кітапханасынан материалдар, сондай-ақ бұрын тұңғыш президент кітапханасында сақталған мұражай жәдігерлері топтамасы келіп түсті. Бүгінгі таңда қорда 150 мыңнан астам мұрағаттық құжат бар. 40 мың кітап пен 12 мың мұражай жәдігері сақталған”, – деп хабарлады Президент іс басқармасы.

Болашақта мұнда Қазақстанның кейінгі президенттерінің тиісті материалдарын жинақталатын болады.

“Орталық Қазақстан басшыларының құжаттарымен қатар тәуелсіздігіміздің тарихына қатысты материалдарды жинақтап, жүйелеп және зерттеу жоспарлануда. Президенттік орталық Қазақстанның қазіргі саяси тарихына арналған ірі тарихи-мемориалдық, ғылыми, мәдени-ағарту орталығына айналуды көздеп отыр”,”, – делінген хабарламада. 

Мұнда келушілер әлемнің жетекші кітапханаларының сенімгерлік қорларына қашықтан қол жеткізе алады.

Орталықтың республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатыны нақтыланды. Әзірге қызметкерлердің жалақысы мен штат саны бекітілмеді.

Орталық барлығына ашық, кіру тегін.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *