Skip to content

НЕСИЕ АЛЫП ТАБЫСЫ АРТҚАН

   «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелер барлық тұлғаларға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға Түркістан облысы бойынша 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 70-тен асьам кооператив құрылды. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінген, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.

  «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған.Ал, Ауыл аманаты жобасы бойынша Мақтаарал ауданы бойынша 146 Өтінім беріліп оның қазірде 105 жоба Мақұлданған.

Талғат Каленов; Мақтаарал аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің маманы
Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 890млн-ға 146 өтінім қабылданды “Ырыс” микроқаржы ұйымына оның 560 млн-на 105 жоба қазіргі таңда мақұлданып, оның ішінде 379млн-ға 59 жоба қаржыландырылды бүгінгі таңға дейін. Тағы да 78 млн-ға 15 жоба бойынша қазіргі таңда кепілі тіркеу сатысында. Қалған 31 жоба бойынша қазіргі таңда құжаттары жинақталу жұмыстары жүргізілуде.

   Жаңадан кәсіп ашуға ниетті тұрғындардың басым бөлігі мал шаруашылығы бойынша өтінім жолдаған. Оған қойылатын басты талап сатып алынатын ірі қаралардың дерлік барлығы еліміздің өзге өңірінен әкеліну тиіс. Бұл ретте жоба аясында қаржыландырылған азаматтар Жамбыл облысы Қордай ауданынан әкелген.

Талғат Каленов; Мақтаарал аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің маманы
6 бағыт бойынша қазіргі таңда бізде 16 өтінім қабылданған, онгың қазірде 9 жобасы қабылданып отыр “Ырыс” микро қаржы ұйымы арқылы. Оның екеуі қаржыландырылды. Біреуі мақұлданып, қаржыландыфруды күтіп отыр. Ал, қалған жобалары бойнша қосымша құжаттары жинақталуда. Негізгі бағыттар бізде осы Ауыл аманаты жобасы бойынша 4 ауылдық округ белгіленген. Мысалы Достық ауылдық округі бойынша негізгі бағыт мал бордақылау мен сауынды сиыр бағыты. Ал, Мына қалыбеков ауылдық округі жылыжай бағыты мен сауынды сиыр бағыттары,қалған екі ауылдық округ Иіржар мен Жамбылда да сол екі бағыт жылыжай және сүтті бағыттар.

   Облыстық сала мамандарының мәліметінше Жобаны іске асыру нәтижесінде, 3 000- нан астам  жоба қаржыландырылып, 3 500 — ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде және тұрғындардың күн көріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарлануда. Бұл деген әр бір тұрғынның отбасылық кәсіптерән жандандыруға үлкен септігі тиері хақ.

Талғат Каленов; Мақтаарал аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің маманы
6 бағыт бойынша кәсіп ашып жатқандары мысалы қазір бізде қаржыланған екі бағыттың біреуі киіз үй жасау бойынша 8,5 млн қаржы алып ол қазірде жұмысын бастаған, ал екіншісі жиһаз жасау шеберханасы, негізінен басқалары көлік жуу, шағын жүн өңдеу цехы онымен қоса дәнкерлеу жұмыстары. Біздегі негізгі бағыттар осылар.

   Бұл мақсатта 7бас ірі қараны Қордайдан әкеліп қазірде сүт өнімін өндірумен айналысушы Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округі Қалшораев е/м тұрғыны Ержан Илимов.

Ержан Илимов; Ибадулла шаруа қожалығының төрағасы
Барлығы бұзаулы сиыр деп әкелдім үшеуі буаз.еуі сауынды осылар ертең суалса буаз үшеуі туады деп сүт өнімін тоқтатпаймын деп істеп отырмын. Құдай қаласа бұданда үлкейтсек деп отырмыз. Үйде әйелім жұмыссыз еді міне осының арқасында жұмысты болып қалдық. Жайылым мәселесіне келсек біз малды үйден шығармаймыз, жайылатын жер жоқ, барлығы диханшылық. Қолдан шөп алып жатырмыз, сьилс (Майдаланған шөп) алып жатырмыз..

   Күніне әр бір сиырдан 7–8л ға дейін сүт өндіріп, оны Жетісай ауданындағы сауда дүкендеріне өткізуде. Жас кәсіпкердің талап тілегі тек қана жақын маңнан үлкен сүт өңдеу зауыты ашылса дейді.

Ержан Илимов; Ибадулла шаруа қожалығының төрағасы
Сауылған сүт өнімдерін мына Жетісай қаласындағы сауда дүкендеріне өткізіп жатырмыз. Сүттің майлылығы жергілікті сиырларға қарағанда жоғары. Қазір сүттерін алып жатқан жеке кәсіпкерлер малдың сүтіне деген қызығушылығы жоғары. Енді сүтті толықтай өткізу қиындау болып жатыр, соған бір кішігірім болсада сүт өңдеу цехтары болса тіптен жақсы болар еді.

   Дәл осындай отбасылық кәсібін жандандырған Андасбек Біржан Бақбергенұлы Ол бұған дейін үй маңында ірі қара мал басын көбейтуді қалағанымен ондай жағдай тумаған. Алайда мемлекеттен қолдау тапқан шаруада отбасы мүшелерімен бірлесе бұл кәсіпті дамытуды көздейді. Арнайы құрылғыларды пайдаланып сиырлардан сүт өнімін алатын қожалық төрағасы алдағы уақытта сүтті өңдеу аапараттарына қол жеткізсем өңдеп сату ниетте екендігінде жасырмайды.

Біржан Андасбек; шаруа
6-7 сиырмен келдіғой 5 бұзау, 7 сиыр. Оның мына жерде алтауы сауылады, екеуі буаз. Алып келу мәселесі осы жерде осындай несие алған адамдармен бірлесіп камаз тіркемесімен жалдап Қордайдан әкелдік. алдыңғы айдың он тоғызынан бері шамасы бір ай болып қалды. Қазір сиырларды сауып, Жетісай қаласындағы дүкендерді аралап дүкендерге өткізіп жатырмыз. Шамамен күніне 35-40л сүт апарымз, оның 10-15л айран апарып жатырмыз, күнделікті. Сиыр бір сауғанда әр қайсысы 3-4 л сүт береді кей біреулері 5-6л сүт береді бір күндігінді орташа есеппен есептегенде әр сиыр 10л сүт береді. Алғаш әкелгенде сүтті өткізетін жер таппадық үйде құрт істедік, май жасадық, үйде анам бар келіншегім бар істейді, болашақта дүкендерден сүт артылып жатса қолдан жасалар дүниелерді өзіміз жасаймыз деген ниеттеміз.

  Мақтаарал ауданы аграрлы аудан. Тұрғындарының басым көпшілігі егін шаруашылығымен айналысады. Оның біраз диханшылықпен айналысса, енді бірі мал азық дақылдарын өсірумен айналсады. Оған басты себеп жайылым жердің жоқтың қасы дейді шаруалар.

Біржан Андасбек; шаруа
4 гектар жоңышқалық жеріміз бар,кеше мынау бір гектар жердегі жүгеріні жегізіп сьилс қылып басып алдық, жоңышқаны майдалап қораға кіргізіп алдық. Енді жем мәселесі қиындау болып тұр, әзірге сатып алып келіп жатырмыз.

    Иә, Ауыл аманаты жобасы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жан-жақты қолдауға және азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешуге жағдай жасайды. Мемлекеттік жоба ауылдағы ағайынның әл ауқатын жақсартып, азаматтарды аграрлық және мал шаруашылығы кәсібіне тартуды көздейді. Бастама аясында кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайызбен 5-7 жылға дейін шағын несиелер беріледі. Бұл ретте кәсібін жаңадан бастаған әрбір шаруа аудан тұрғындарына бұл жоба ел игілігі, жұмыссыз азаматтардың өз кәсібін бастауда таптырмас мүикіндік екендіктерін айтып ескертеді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *