Skip to content
Главная страница » ОҚУЛЫҚТАР МОБИЛЬДІК ГАДЖЕТТЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС-ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ

ОҚУЛЫҚТАР МОБИЛЬДІК ГАДЖЕТТЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС-ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ

    Оқулықтар кез келген компьютерде немесе мобильдік гаджетте қолжетімді болуы тиіс. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

   «Мектептерде оқу процесін цифрландыру бойынша да ауқымды жұмыс жүргізілуде. Оқушыларды электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету қажет. Онда анимациялық, мультимедиалық компоненттер мен тапсырмалар көрініс табуы керек. Бұл оқулықтар кез келген компьютерде немесе мобильдік гаджетте қолжетімді болуы тиіс. Оқу процесі интерактивті, заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып құрылуы керек», – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

   Премьер-Министр қала мен ауыл оқушыларының арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында ең алдымен, ауылдық мектептерді интерактивті және компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

   «Бұл тіпті шалғайдағы шағын мектептерде де оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге мүмкіндік береді», – деді Үкімет басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған