Skip to content

ӨҢІРДЕ СҰЙЫҚ  ГАЗ ТАПШЫ  

  Жетісайлық көлік жүргізушілері жаңа қоян жылын сұйық газдың тапшы болуымен қарсы алды. Өңірде үш күннен бері газ жоқ. Аудандағы көлік жүргізушілер  желтоқсанның 31 – нен бері аудан бекеттерінде газ сатылмай отырғанын айтып , дабыл қағып отыр. Осы мәселеге байланысты арнамызға бір топ тұрғындардан  арыз түскен болатын. Мәселенің мән – жайын арна тілшісі зерттеп көрді.

 Ержан Төребекұлы, аудан тұрғыны

  Мен өзі жаңа жыл күні келгем. 31- і күні келдім. Бір іс-сапармен бір жаққа баратын боп қалдым да, сонымен келіп едім еш жерде заправка жоқ.  Одан кейін амал жоқ енді бензин құйдық , бензинмен жүріп жатырмыз. Одан бері күнде барамын заправкаларға газ жоқ. Себебін не деп айтады? Себебін ешқайсысы білмейді. Бірақ естіп жатырмыз Сарыағашта, Шымкент жақта  барлығы газ бар дейді. Жетісайда жоқ. Сол жалғыз біз емес, жұрттың бәрі іздеп жүр ғой газды.

  Иә, Жетісайлық көлік жүргізушілері үш – төрт  күннен бері сұйық газ таппай сандалып  әлек. Қай   газ құю бекетіне барса да, газ жоқ деген қағаз ілінген.  Бос бөшкелерді күзетуден жалықты ма, тіпті газ құюшы да көрінбейді.  Құдды бәрі бірдей келісіп алғандай , есіктеріне  құлып салынған,  бекеттер қаңырап  бос қалған.  Бірлі – жарымы ғана талонмен сатуға көшіпті. Ал себебін сұрасақ, бас шайқайды, “көлік бұзылды” деп сұхбат беруден қашқақтайды.

  Жаңа бастығыма айтып, неғып газ жоқ деп едім. Жолда келе жатып бұзылып қалды деді. Кеше түнде Славьян мен Ильичке құйды. Бізге құятын камаз бұзылып қапты. Сомен қазір 20 процент қалды, талонмен құяға қалды. Былай газ жоқ

  Бұл мәселе әсіресе такси жүргізушілерін тығырыққа тіреп отыр.Негізгі нәпақасан адам тасып тауып отырған олар бірнеше күннен бері  құятын газ болмаған соң, амалсыз  бензинге көшіпті. Ал ол айтарлықтай қалтаға салмақ салып отырғанын айтады. 

 Тұрсынбай Нұрдәулетов, аудан тұрғыны

  Біреу 65, біреу 67 деп тұр. Анау күні 85-ке көтеріліп кетті.  Газ жоқ қой, 31 – інен бастап, тапшы боп жатыр негізі.  Анау күні мына бір жерлерде талон сұрап отыр. Талонмен неғып отыр да. Өзімізден шыққан газды өзімізге анандай ғып отыр ғой. Бензинге ешкімнің қалтасы көтермейді, газ көтерілген соң таксидің ақысы да көтеріледі. Мұның бәріне халық көнбейді оған. Мұның бәрін жоғарыларға айту керек. 

  Осылайша, аудан халқы бірнеше күннен бері сұйық газ іздеп сенделіп кетті. Отын тапшылығы әлі қанша күнге созылары белгісіз. Әліптің артын бағалық.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *