Skip to content

ОТБАСЫЛЫҚ КӘСІП – ОРТАҚ НӘСІП

   Жамбыл ауылдық округінде үш кәсіпті қатар алып жүрген еңбекқор отбасы бар. Бабыш Құлжановтан тараған ағалы інілі азаматтар жылыжай, мал шаруашылығы және дәнекерлеуші бизнесімен айналысып шаңыраққа береке тауып отыр. Адал еңбек пен маңдай тердің арқасында нәпақасын теріп отырған отбасының ісі бүгінде  көпке үлгі, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі. 

    Жамбыл ауылдық округінде тұратын Құлжановтар отбасының ауласына кірген бойда кең өндіріс орнына еніп кеткендей болдық. Шаңырақта қызу тіршілік. Жылыжайы жайнап тұр. 64 соток аумақты алып тұрғын жылыжайда тамшылатып туғару технологиясы қарқынды енгізілген. Бұл өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді дейді кейіпкеріміз.

ЕРСІН ҚҰЛЖАНОВ; КӘСІПКЕР

Бұл жылыжайға екінші өніміміз біздің. Бірінші өнімімізді апрелді жұлып шығарып жібергенбіз. Бұл екінші өнім. Бірінші өнімде капуста еккенбіз жартысына. Жартысына памидор еккенбіз. Огурцымызда бар.

    Жылына бір жылыжайдан екі өнім алатын отбасы мемлекеттің қолдауымен екінші кәсіпті қолға алды. Яғни қайтарымсыз грант алып қаржысымен қорасындағы мал санын арттырды. Ағайынды Құлжановтар ауыл шаруашылығымен қоса шебер дәнекерлеуші. Темірден түйін түйіп, дәнекерлеп, қажетті материалдар жасап шығару арқылы табыс тауып отыр.

ЕРСІН ҚҰЛЖАНОВ; КӘСІПКЕР

Бізоны мал шаруашылығына алғанбыз. Оған бір үш-төрт жыл болып қалдығой. Одан міне дәнекерлеу кәсібімізде бар. Тпсырыс мектептің столдарын істеп жатырмыз.  

    Кәсіп көсеген көгерткен отбасылардың  алға қойған жоспарларыда ауқымды. Жастарға берілетін 2,5 пайыздық неси алып кәсіпті кеңейтпек ниетте.

ЕРСІН ҚҰЛЖАНОВ; КӘСІПКЕР

Осы мақсатты оданда үлкейтіп, кеңейтіп, дәнекерлеуді, осыны көп жылыжайлар тағы салуға 2,5 пайызбен несие алуға әрекет қылып жатырмыз. Несие алған жағдайда жылыжайдың ішіне паравоф отепление жүргізіп, пештер қойып, лажы босла қыстың күндеріде шығарсақ деген әрекетіміз  бар.

   1610 отбасыдан тұратын Жамбыл ауылдық округінде жалпы 4654 гектар егістік жер бар болса, оның 2009 гектарына мақта 700гектарына бау бақша өсіріледі. Сондай-ақ 1,5 гектарға жуық жылыжай бар. Жергілікті жұрттың белсенділігінің арқасында өнеркәсіпте өз алдына өркендеп келеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *