Skip to content

ӨТКЕН АЙДА БАСПАНА БАҒАСЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ

     ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй нарығындағы бағаға қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Бір жылда (2022 жылғы наурызбен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда) пәтерлерді қайта сату бағасы – 7,3%, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3% қымбаттады. Абаттандырылған баспананы жалға алу төлемі 29,3% артты.

   Жаңа үйлер бір жылда Ақтөбе (25,4%) және Ақтау (24,3%) қалаларында ең көп қымбаттады. Қайталама нарықта баға өсімінің лидері – Қызылорда (37,8%), Ақтау (32,6%), Семей (31,6%), Қостанай (29,2%), Өскемен (24,7 %) қалалары. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында ең жоғары баға Көкшетау (51,1%), Петропавл (48%), Алматы (45,4%) және Қостанай (45%) қалаларында тіркелді.

   Айта кетейік, бір айда (2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 1,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7% төмендеді. Ал баспананы арендаға алу құны алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *