Өткен бір тәулікте елімізде коронавирусқа шалдыққан 36 адам анықталды, деп хабарлайды Sanur.kz Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
20 наурыздағы жағдай бойынша, 1 781 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирус (КВИ+) –1 609, коронавирус пневмониясы (КВИ-) – 172) емделуде. Олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 646 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 2 адамның жағдайы ауыр,
– 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 1 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, 17 наурызда коронавирус – 77 адамнан, 18 наурызда 36 адамнан анықталған болатын.