Skip to content
Главная страница » ОТЫРАР АУДАНЫНДА АШЫҚ СПОРТ АЛАҢЫ МЕН КҮРЕС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА АШЫҚ СПОРТ АЛАҢЫ МЕН КҮРЕС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

       Отырар ауданында соңғы жылдары ойын алаңшаларының қатары көбеюде. Аймақта бюджет қаражатымен шектеліп қалмай, демеушілерді тарту ісі де жанданып келеді, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Жақында ғана ауыл азаматтарының демеушілігімен Шәуілдір ауылындағы Жамбыл жалпы білім беретін мектебі жанынан заманауи ойын алаңы салынып, пайдалануға берілген еді. Бүгінде игі бастама жалғасын тауып жатыр. Соның бірі – Темір ауылындағы «Темір» жалпы білім беретін орта мектебі аумағынан ашылған күрес залын ашу спортты жанына серік еткен ауыл жастарының көптен күткен арманы еді. Осы бір көптің тілеуін аудандық мәслихат депутаты Ардақ Әмзе іске асырып, елдің алғысына бөленді. Ұзақ жылдардан бері бос тұрған бұрынғы оқу ғимараты депутаттың демеушілігімен жөндеуден өтіп, күрес залы ретінде пайдалануға беріліп отыр.
 
Күрес залының ашылуына аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақұлы, аудандық мәслихат депутаттары Асан Аралбай, Бекзат Тукеев, Нұржан Орынбасар қатысып, ауыл спортын дамытуға атсалысып қолдау көрсеткен депутат Ардақ Әмзеге ризашылықтарын жеткізді.
 
Аталған күрес залында 40 бала спортпен шұғылданады. Жеткіншектердің қол жеткізген жетістері де аз емес. Мәселен, жасөспірімдер арасында Нұрасыл Мәдіхан, Әсет Серік, Жанерке Айтбектер облыстық біріншілікте топ жарса, Ернар Әбибулла спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындаған.
 
Шара барысында ел ағаларының атынан жоғары жетістікке жеткен жас спортшыларға сәттілік тілеп, естелік ретінде спорттық киімдер сыйға тартылды. Мұнан соң Шәуілдір ауылы мен Көкмардан ауылын жалғайтын «Селкілдек көпір» маңында ашық спорт алаңы ашылып, ел игілігіне берілді. Мұнда балалардан бөлек ересектердің дене жаттығуларын жасауына жағдай жасалған.
 
Жиын соңында ауыл ақсақалдарының атынан аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Жалғасбай Көлбай жоспарлы жұмыстарға сәттілік тілеп, халықтың тілегін орындап, демеушілік жасап, елдің алғысын алып жүрген халық қалаулылары мен ел азаматтарына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған