Skip to content

ПАТРИОТТЫҚ ТАНЫТҚАН АЗАМАТТАРҒА БЕРІЛЕТІН «ЕЛ ҮМІТІ МЕДАЛІНЕ» ЕНДІ 35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІЛЕР ҰСЫНЫЛАДЫ

    Патриоттық танытқан және белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленген қазақстандықтарды награттауға арналған «Ел үміті медалі» енді 35 жасқа дейінгі азаматтарға берілмек. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды Sanur.kz.

       «Ел үміті медалі» – патриоттық танытқан және белсенді азаматтық ұстанымы үшін берілетін ерекшелік белгісі. «Ел үміті медалі» ерекшелік белгісін алуға 14 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастар ұсынылады», – деп жазылған Үкімет қаулысының жобасында.

          Еске салайық, қолданыстағы заңнамада бұл медаль жоқ. Сонымен қатар, бұған дейін оның орнына беріліп келген ерекшелік белгісіне тек 29 жасқа толмаған қазақстандықтар ұсынылатын. Аталған награданы Оқу-ағарту министрлігі табыстамақ.

            Құжат 2 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

      Қоса кетсек, биылдан бастап «Дарын» және Президенттік әдеби сыйлыққа 35 жасқа дейінгі азаматтар өтініш бере алады.

        Еске салайық, былтыр 8 желтоқсанда Сенат 35 жасқа дейінгілерді «жастар» санатына енгізу туралы заң жобасын мақұлдаған еді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *