ҒЖБМ 2023 жылдан бастап резидентурада даярлауға арналған гранттар санын кезең-кезеңімен 70 пайызға көбейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sanur.kz.
Ашық НҚА порталында Қазақстанда жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы жарияланды.
Жобаға сәйкес, магистранттар мен докторанттарды оқытуға арналған грант санын арттыру жоспарланған.
«Ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мың грантқа ұлғаяды. Бұдан басқа, 2023 жылдан бастап резидентурада даярлауға арналған гранттар санын кезең-кезеңімен 70%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұймдары мен Ғылыми-зерттеу институты интеграциясы шеңберінде ҒЗИ базасында магистрлер мен PhD докторларын даярлау жалғасады», делінген тұжырымдама жобасында.
Еске салайық, 2022-2023 оқу жылында PhD докторларын даярлауға 1890 грант бөлінген.