Skip to content

PhD ДОКТОРЛАРЫН ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

   ҒЖБМ 2023 жылдан бастап резидентурада даярлауға арналған гранттар санын кезең-кезеңімен 70 пайызға көбейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sanur.kz.

   Ашық НҚА порталында Қазақстанда жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының  жобасы жарияланды.

   Жобаға сәйкес, магистранттар мен докторанттарды оқытуға арналған грант санын арттыру жоспарланған.

  «Ғылыми кадрларды (PhD докторларын) даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мың грантқа ұлғаяды. Бұдан басқа, 2023 жылдан бастап резидентурада даярлауға арналған гранттар санын кезең-кезеңімен 70%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұймдары мен Ғылыми-зерттеу институты интеграциясы шеңберінде ҒЗИ базасында магистрлер мен PhD докторларын даярлау жалғасады», делінген тұжырымдама жобасында.

   Еске салайық, 2022-2023 оқу жылында PhD докторларын даярлауға 1890 грант бөлінген. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *