Skip to content
Главная страница » ПРЕЗИДЕНТ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

   Цифрландыру экономиканың барлық салаларын қамтып, азаматтарымыздың өмірінің барлық салаларына енуі тиіс. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

    «Адами капиталдың сапасын дәйекті және жүйелі түрде арттыру қажет. «Жайлы мектеп» жобасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етіп, ЖОО базасында академиялық артықшылық орталықтарын құруды жалғастыру қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

      Мемлекет басшысы отандық ғылымның кешенді дамуын жеке бақылауына алатынын айтты.

    «Одан бөлек, денсаулық сақтауды жаңа сапалы деңгейге шығару қажет. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру керек. Мұнда цифрлық шешімдердің көмегімен шығындарды бақылауды күшейту өте маңызды. Жалпы, цифрландыру экономиканың барлық салаларын қамтып, азаматтарымыздың өмірінің барлық салаларына енуі тиіс. Ол үшін ақпараттық технологиялар нарығын барынша ырықтандыру қажет», – деді Президент.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған