Skip to content

ПРЕЗИДЕНТ: ЕЛДІКТІ БҰЗУ, БІРЛІКТІ ШАЙҚАЛТУ – ҚЫЛМЫС

         Ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету – ең жауапты әрі сауапты іс. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

       «Халқымыздың ынтымақ-бірлігі бұл – тағдырдың бере салған сыйы емес. Бұл – ең алдымен, жұртымыздың күнделікті табанды еңбегінің арқасы екенін дұрыс түсінуіміз керек. Сондықтан біз бірлігімізді күн сайын нығайтып отыруымыз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

     Осы орайда Президент татулық пен келісім халқымыздың өмір салтына айналуы тиіс екенін айтты.

    «Әйтпесе, елдікті сақтап қалуымыз өте қиын болады. Жақсы тілек айту – халқымыздың қанына сіңген қасиет. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтылмаған. Мен барша отандасымызды еліміздің береке-бірлігін бағалай білуге шақырамын. Шын мәнінде, ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету – ең жауапты әрі сауапты іс. Елдікті бұзу, бірлікті шайқалту, бұл – заң алдында – қылмыс, Құдай алдында – күнә. Осыны бәріміз терең түсінуіміз қажет», – деді Мемлекет басшысы.

     Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі сессия барысында Президент ҚХА-ның жаңа сыйлықтары мен орденін бекітуді ұсынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *