Skip to content

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ИОРДАНИЯ КОРОЛІ ІІ АБДАЛЛА БЕН ХУСЕЙНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

   Мемлекеттер басшылары бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

    Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *