Skip to content

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАТАР ӘМІРІ ШЕЙХ ТӘМИМ БЕН ХАМАД ӘЛ ТӘНИМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

      Мемлекеттер басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Қатар халықтарына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Sanur.kz Ақордаға сілтеме жасап.

  Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. 

    Сондай-ақ Қатар Әмірінің былтыр қазан айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. 

      Тараптар екі ел арасындағы өзара сауда-саттық қарқынын сақтауға және қаржы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті екенін растады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *