Skip to content
Главная страница » ПРЕЗИДЕНТ МӘЖІЛІСТІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСУДА

ПРЕЗИДЕНТ МӘЖІЛІСТІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСУДА

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz.

     «Бүгінгі біздің жалпы отырысымызға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр. Конституцияның 44-бабы 3-тармақшасына сәйкес, Мемлекет басшысы Мәжілістегі саяси партиялармен консультация өткізіп, палатаның келісімін алу үшін Премьер-Министрдің кандидатурасын енгізеді. Сондықтан бүгінгі күнтәртібінде қаралатын бір ған мәселе ол – Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрін тағайындау туралы», – деді жалпы отырысты ашқан палата төрағасы Ерлан Қошанов.

     Қазіргі уақытта Президент сөз сөйлеп жатыр.

 «Конституцияның 70 бабына сәйкес Мәжілістің жаңадан сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты. Осы ретте Үкіметтің атқарған жұмысына қысқаша тоқталғым келеді.

  Біз соңғы жылдары жаһандық және жалпыұлттық ауқымдағы көптеген қиындықты бастан өткердік. Үкімет күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделді. Сол арқылы экономиканың тоқырауына жол берген жоқ. Жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап қалды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өсті.

  Халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелер уақтылы және толығымен орындалды. Мұның бәріне билік тармақтарының бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында қол жеткіздік. Осы ынтымақтастықты нығайта беру керек»,-деді Президент.

  Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламент экономиканы дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тиіс екенін жеткізді.

 «Біз аз уақыттың ішінде ауқымды саяси реформа жүргіздік. Түбегейлі өзгерістер еліміздің жаңа дәуірге қадам басуына жол ашты. Бұл жұмыс жалғаса береді.

  Бірақ экономикалық өзгерістер саяси жаңғыру үдерісінен кенже қалмауы керек. Сондықтан Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды батыл жүзеге асыруға тиіс. Бұл – өте жауапты жұмыс.

  Азаматтарымыз Үкіметке зор үміт артады, жоғары талап қояды. Ел сенімін ақтау – бәрімізге сын.

  Мен кеше Парламент сессиясының ашылуында нақты міндеттерге тоқталдым. Үкімет стратегиялық бағдарымызды жүзеге асыра отырып, мынадай мәселелерге баса мән беруге тиіс»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған