Skip to content

ПРЕЗИДЕНТ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАДА «ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

       Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

   Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.

  Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.

  Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.

 Айта кетейік, бүгін таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйлеген болатын.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *