Skip to content

ПРЕЗИДЕНТ ҰҚШҰ БАС ХАТШЫСЫ ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Sanur.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

   «Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді.

          Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ Ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды», – деп жазылған ақпарат көзінде.

     Бұған дейін хабарланғанындай, ҰҚШҰ-ға мүше елдерде биыл кешенді оқу-жаттығулар өтеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *