Skip to content
Главная страница » ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ ҒАЛЫМЖАН ПІРМАТОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ ҒАЛЫМЖАН ПІРМАТОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

   Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Sanur.tv.

  Ғалымжан Пірматов Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады.

   Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған