5 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған еді. Күні кеше заңдылықты арттыру және құқық қорғау қызметін жүйелі күшейту мақсатында қабылданған бұл заң қолданысқа енгізілді. Осылайша, елімізде енді Прокурорлық қадағалаудың пәрменділігі күшейіп отыр.
Прокуратура қызметінің басты мақсаты адамның, оның өмірін мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету және елдегі заңдылықты нығайту да прокурорлардың құзіретіне кіреді. Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары күні кеше күшіне енген «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның қолдану аясын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Конституциялық заң талабы бойынша прокурордың заңдылықтың сақталуын тексеруі, жай-күйін талдау шеңберіндегі талаптары мен сұрау салулары мемлекеттік органдармен, меншік құқығына қарамай ұйымдармен орындалуға міндетті. Прокуратура актілеріне дұрыс қарамау, уақытында назар салмаған мекеме заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Жалпы Конституциялық заң – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнес, қоғам және мемлекеттік мүдделерді тиімді сақтауға ықпал етеді.
Соттардың барлық актісі мемлекет атынан шығады. Осыған байланысты енді бас прокурор азаматтық, қылмыстық және әкімшілік-құқық бұзушылық істері бойынша Жоғары сотқа жүгіне алады. Мұндағы мақсат республика көлемінде біріңғай сот тәжірибесін қалыптастыру.
Айта кетейік, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Республика көлемінде Әкімшілік соттар жұмысын бастады. Ол бойынша азаматтарға барлық мемлекеттік органның, оның ішінде прокуратураның актілеріне, жауабына келіспесе, немесе арыз-шағымын дұрыс қарамаса Әкімшілік сотқа да, Жоғары сотқа да жүгінуге құқық берілді.