Skip to content

САБАҚ ОНЛАЙН ФОРМАТҚА АУЫСТЫ

   Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның 12 өңірінде оқушылар онлайн оқу  форматына ауысты. Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланып, сақтық шаралары бойынша хабарламалар тарқатылды.

  Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды.
Абай облысының Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі.

  Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 0-11 сыныптар, Күршім ауданында 0-9 сыныптар, Ақмола облысының Көкшетау қаласында және Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

  Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар, сондай-ақ Қарағанды қаласында 0-9 сынып оқушылары үйден білім алады.

   Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстарында да 0-11 сынып оқушылары сабаққа бармайды.

  Сондай-ақ, Жетісай ауданында бүгін күннің күр суып кетуіне байланысты бірқатар мектептерде  сабақтар онлайн форматқа ауысты. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *