Skip to content

САЙЛАУ КҮНІ 45 МЫҢНАН АСТАМ ПОЛИЦЕЙ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

       19 наурызда Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау күні 45 мыңнан астам тәртіп сақшысы қоғам тыныштығын қадағалайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайрат Сұлтанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Sanur.kz.

        «Сайлау күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ел бойынша 45 мыңнан астам қызметкер тартылып жатыр. Оның ішінде белгілі бір бөлігі тікелей сайлау учаскелерінде және бір бөлігі көшеде тәртіпті қадағалайды. Одан бөлек, сайлау учаскелеріне жақын аумақтарда күзет болады», – деді Қайрат Сұлтанбаев Орталық сайлау комиссиясы отырысында.

        Сондай-ақ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы қоғамдық тәртіптің тиісті деңгейде қамтамасыз етілетінін айтып сендірді.

     Айта кетсек, ОСК отырысында белгілі болғандай, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар сотқа 166 арыз түсірген.

      Өз кезегінде Бас прокуратура ертеңгі тыныштық күніне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

     Одан бөлек, сайлауалды науқан кезінде қандай заң бұзушылықтар жиі тіркелгені баяндалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *