Жетісай ауданының мәслихатына ұсыныс беру аяқталды. Осы уақытқа дейін 105 құжат қабылданып, 90 үміткер барлық талапқа сай келген. Ал облыстық мәслихатқа ауданнан 7 үміткер құжат тапсырып, оның 5- еуі тіркеуден өткен. Бұл туралы Жетісай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Қожамқұл Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sanur.kz.
Жетісай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Қожамқұл Темірбековтің айтуынша, облыстық мәслихатқа ауданда екі округ құрылған. Атап айтқанда 22 және 23 -ші сайлау округтері.
Қожамқұл Темірбеков, Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
– 22 – округ Жетісай аумағында, 37 сайлау учаскесі кіреді. Оған Жетісай қаласы, Қарақай, Қазыбек би , Жаңа ауыл және Жылы су ауылдық округтері кіреді. 23- округ Асықата өңірінде. Оған 38 сайлау учаскесі кіреді. Асықата кенті, Ынтымақ, Ділдәбеков, Ералиев, Абай, Қызылқұм, Мақталы , Атамекен ауылдық округтері кіреді.
Аудандық және облыстық сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері туралы мәлімет аудандық газетте жарияланған. Ақпан айының 8- ші жұлдызында мәслихатқа ұсыныс беру толық аяқталды. Қазір үміткерлерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде:
Қожамқұл Темірбеков, Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
– Облысқа мәслихатқа 7 үміткер құжаттарын тапсырды. Олардың бесеуінің сәйкестігі анықталып, бесеуі тіркеуге алынды. Ал аудандық мәслихатқа 105 құжат қабылданды. Оның ішінде 90 кандидаттың сәйкестігі анықталып, бүгінгі таңда 49 кандидат тіркеуге алынды.
Айта кетейік, аудандық мәслихатқа үміткерлер бір мандат бойынша сайлауға түсе алады. Елімізде мәжіліс және мәслихат депутатарын сайлау науқаны 19 наурызда өтеді. Үміткерлер 18 ақпаннан бастап үгіт – насихат жұмыстарына кіріседі.