Skip to content
Главная страница » SALYQBOT АРҚЫЛЫ САЛЫҚ ПЕН КЕДЕН РӘСІМДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС АЛУҒА БОЛАДЫ

SALYQBOT АРҚЫЛЫ САЛЫҚ ПЕН КЕДЕН РӘСІМДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС АЛУҒА БОЛАДЫ

      Мемлекеттік кірістер комитеті салық және кеден мәселелеріне қатысты сұрақтар бойынша жедел көмек көрсету мақсатында телеграмда @Salyqbot чатын іске қосты, деп хабарлайды Sanur.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

     Salyqbot арқылы қазақ және орыс тілінде кеңес алуға болады. Ыңғайлы болуы үшін QR кодтың көмегімен кіру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл цифрлы кеңесшінің көмегі келесідей:

– салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білу;

– көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеу;

– салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеу;

– өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалану;

– түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары туралы пайдалы ақпарат алу;

– тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алу;

– банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алу;

– заңды тұлғаларға төленген сомалар туралы мәліметтер алу мүмкіндігі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған