Skip to content

САМАРА-ШЫМКЕНТ ТРАССАСЫНДА ЕКІ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

    Батыс Қазақстан облысында екі көліктің соқтығысуынан 2 адам мерт болып, тағы бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sanur.kz Policica.kz-ке  сілтеме жасап.

   «21 ақпан күні сағат 10:30 шамасында Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылынан 3 шақырым қашықтықта, Самара-Шымкент тасжолының 241-шақырымында Toyota Alphard автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі 57 жастағы жүргізу тізгіндеген Hyundai Santa Fe автокөлігіне соқтығысқан.

    Оқиға орнында Toyota көлігінде болған 29 жастағы жолау мен Hyundai-дың 56 жастағы жолаушысы қаза болды.


   Екі жүргізуші мен қалған жолаушылар түрлі дене жарақаттармен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүріп

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *