Skip to content

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

   Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихаттың қолдауымен, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Сарыағаш ауданының әкімі болып Абдуллаев Арман Айдарұлы тағайындалды. Ал ауданды осы уақытқа дейін басқарған Мұхит Отаршиев өз өтінішімен қызметінен босатылды.

 Сондай-ақ, Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданның жаңа әкімін  аудан активіне таныстыру барысында оған маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтты.

Айта кетейік, Арман Абдуллаев 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылында туған. Білімі жоғары, мамандықтары – кәсіпорындардағы экономика және менеджмент, инженер-экономист. Еңбек жолын «Рауан» ЖШС-де бастаған. 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының экономика департаментінің жиынтық талдау бөлімінің бас маманы болды. 2007-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлік және инновациялық қызмет бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бастығы, инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған. 2013 – 2016 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды.2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының әкімі қызметін атқарды. 2017-2019 жылдары аралығында облыс әкімі аппараты экономика және бюджеттік сала мониторингі бөлімінің басшысы, Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары және ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы болып, елге қызмет етті. 2019-2021 жылдары Түркістан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы лауазымында болды. 2021 жылдан бері Қазығұрт ауданының әкімі қызметін атқарған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *