Skip to content

СЕМЕЙЛІК ОҚУШЫЛАР ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ОЙЛАП ТАПТЫ

    Семейлік оқушылар туристерге арналған «Discover Abai» деп аталатын мобильді қосымша ойлап тапты, деп хабарлайды Sanur.kz.

      Мобильді қосымша үш тілде қызмет көрсетеді. Туристер өз ой-пікірлерін де қалдыра алады.

    «Мұнда Абай облысындағы киелі жерлер туралы толық мағлұмат бар. Ең бастысы, туристер олардың орналасқан жерлерін тез таба алады. Мәселен, мейрамхана деген мәзірді басса барлық мейрамхана көрсетіледі», – дейді Семейдегі №7 мектептің 9 «б» сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов.

     Мобильді қосымшаның тағы бір ерекшелігі, қазақ тілін де үйренуге болады. Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен танысып, өлеңдерін оқуға да мүмкіндік бар.

   «Біздің облыстың ерекшелігі неде ? Қандай тарихи орындар бар ? Мақсатымыз – туристер Абай облысы туралы терең білсе, құнды мәліметтер алса, ерекше әсерге бөленсе дейміз. Әрине, қазақ тілін үйреніп жатса, құба-құп», – дейді 9 сынып оқушысы Темірлан Темірбаев.

   Нұрлыхан Маратов пен Темірлан Темірбаевтың ойлап шығарған мобильді қосымшасы «HACKATHON-2023» республикалық хакатонына қатысып, бас жүлде иеленген.

  Оқушылардың айтуынша, алдағы уақытта қосымша жетілдіріліп, барлық платформаға жүктеледі.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *