Мақтаарал ауданының “Әділ билер” қоғамдық бірлестігі ұжымының ұйымдастыруымен барлық елді мекендер мен қала кент аумағында 22 сәуір (сенбі) күнін – жалпы сенбілік күні деп белгілеп, көшелерде, алаңдарда, арық- атыз бойларында көгалдандыруды, көшет ағаштарын отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Sanur.kz.
Мақтаарал ауданы аумағын көктемгі көріктендіру және тазалық жұмыстарын жүргізу ге аудан тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер түгел қатысты. Айта өтейік аталған сенбілік жұмыстары 22 сәуір дүние жүзілік жерді қорғау күні аясында қолға алынған. ал, сенбілік ұйымдастырушылары мен қатысушылары аталан сенбілікті дінменде байланыстыруда.
ҚАСЫМБЕК ХАМЕДОВ; ҚР “Әділ билер” қоғамдық бірлестігі Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы
Мынау енді мереке күндері, бұл тазалық күні Ислам тазалықты сүйеді, соны насихаттайды міне соның бірі. Оның үстіне 22 сәуір дүниежүзілік жер күні. Бүкіл әлем халқы жерді құрметтейді. Жердің тазалығын, құнарлылығын оның бәрін сақтау жөнінде ООН-ның қаулысы бар. Үшіншіден мынау біздің “Әділ билер” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Мақтаарал аудандық филиалы осы 22 сәуірді әрі айттайық, тазалық сақтайық өзіміздің үй – жайцымызды, мекемемізді, көшелердің тазалығын сақтауға үндеу жасадық. Үлкен рахмет, бірінші қолдау білдірген басқада облысымыздың барлық тұрғындары қолдау білдіріп, бүгін жұмысқа шықты.
Айта өтейік сенбілік жұмыстары аясында Мақтаарал ауданының “Әділ билер” қоғамдық бірлестігінің ұжымы Түркістан облысының елдімекендерінің, ауыл-қала тұрғындарынада үндеу жасады. Қазақстан мемлекеті, оның құрамдас бөлігі болған Түркістан облысы, елдің рухани, тарихи мекенжайы.
Жаңа, жаңарған Қазақстанымыздың дамып, өркендеп-өсуіне түркістандықтар аға буыннан бастама алып, жастардан қолдау тапса “Әділ билер” қоғамдық бірлестігі мен жергілікті мемлекеттік мекемелермен біргелесе отырып, жақсы бастамаларға қолдаушы болуда дейді ұйымдастырушылар.