Skip to content

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНА 165 ЖЫЛ

      Биыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл. Осыған орай Мақтаарал ауданында Көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміның ұйымдастыруымен өткен сайыста 11 адам қатысып, шығармаларды көркем тілмен жеткізуге тырысты,  деп хабарлайды Sanur.kz.

       Ұлтымыздың мәдени кодында есімдері алтын әріптермен жазылған тұлғалар бар десек, соның бірі де бірегейі Шәкәрім. Оның көп жанрлы поэзиялық  шығармаларының мазмұны өте терең. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан рухани мол мұраны бүгінгі байқау қатысушылары  өз деңгейінде көркем жеткізе білді. Ұлы тұлғалардың шығармаларын жатқа оқыды.

      Байқау шарты бойынша қатысушылардың жас ерекшелігі 16-28 жас арасында болды. Байқау екі кезеңде өрбіді. Бірінші  Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиялық шығармалары оқысы екінші  қазақтың белгілі жазушылардың прозалық шығармаларынан үзінді алып жатқа оқыды.

ТАНОВАР ТАСТАНБЕКОВА  МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Бұл жерде өзге ұлт өкілдері де қатысып тұр екен. Бұл жерде қазақ не өзбек болсын деген жоқпыз. Кез-келген ҚР азаматы қатыса алды. Енді бәрібір жас айырмашылығында болады енді. 16 мен 28 жас аралығы дегеннен кейін үлкен ұстаздарда қатысып отыр. Олардың әрине сахнаға ысылғаны байқалып тұр. Ал мына енді ,ана 16 жасқа толған жастарымыз сахнаның мысы басып тұрма  кішкене сәл. Енді бәрінде  дайындық жақсы

    Әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылардың шешендік шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін және берілген тапсырманы көрнекті түрде бейнелеп жеткізе білуін бағалады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *