Skip to content
Главная страница » ШОРТ-ТРЕКТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ

ШОРТ-ТРЕКТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ

        Оңтүстік Корея астанасы Сеулде шорт-тректен 10-12 наурызда өтетін әлем чемпионатында 11 қазақстандық спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Sanur.kz.

   «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, дүниежүзілік додаға әлемнің 34 елінен 180-ге жуық шорттрекші қатыспақшы.

        Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды.

   Ерлер – Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Антон Хван.

     Әйелдер – Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Алина Әжіғалиева, Мәлика Ермек.

       Қазақстан құрамасын Нұрберген Жұмағазиев бастаған мамандар баптайды.

   Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық шорттрекшінің «Азия балалары» ойындарының чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған