Шымкент қаласында 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Sanur.kz ІІМ-не сілтеме жасап.
Еңбекші аудандық полиция басқармасына 102 арнасы арқылы Уәлиханов көшесіндегі «Прага» кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды. Белгілі болғандай, «Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік орын алғаны анықталды. Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда», – деп жазды ведомстводан.