Шымкентте дүние есігін ашқан алып сәбидің салмағы 6,5 келі, бойы 63 см. Нәресте үлкен салмақпен туылғанына қарамастан, дәрігерлер жүкті әйелді операциясыз дін аман босандырып алды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
.
Қазір сәбидің де, ананың да жағдайы жақсы. Алып сәби көпбалалы отбасының алтыншы перзенті. Ата-анасы оған Тәуекел деп есім берген.