Skip to content
Главная страница » ШЫМКЕНТТЕ ЕР АДАМ ҚАРУ-ЖАРАҚ ДҮКЕНІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ, КҮЗЕТШІ ЖАРАЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЕР АДАМ ҚАРУ-ЖАРАҚ ДҮКЕНІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ, КҮЗЕТШІ ЖАРАЛАНДЫ

  Шымкентте қару ұстаған ер адам қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады. Бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Sanur.kz Policia.kz сайтына сілтеме жасап.

  «Бүгін сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылды.


Оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері жетті. Күзетшілер мен қаруланған белгісіз ер адам арасында атыс болды. Күзетшінің бірі жараланды.

  Қарулы адамды патрульдік полицейлер мен Тұран аудандық полиция бөлімінің криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстады», – делінген полиция мәліметінде.

  Белгілі болғандай, ер адам Өзбекстан азаматы. Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрып келген.

   «Одан шолақ аңшы мылтығы және ұрланған Сайга карабині тәркіленді. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған