Skip to content
Главная страница » ШЫМКЕНТТЕ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

     Шымкентте «AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Sanur.tv. 

   Қаржылық мониторинг агенттігі ұсынған деректерге сәйкес, ЖШС ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмек көрсететіні анықталды. Әлеуметтік желілерде сипатталған шарттарға сәйкес инвестор 5000 теңге салып, одан кейін 5 немесе одан да көп адамды тартуы керек.

    Адамдарды тартқаннан кейін салымшыға салған сомасы қайтарылады және сыйлық беріледі. Белгілі бір деңгейге жеткен соң салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген.

   «Еске салайық, қаржылық (инвестициялық) пирамида схемаларын құру ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны  көздейді. Азаматтарды қырағы болуға және қысқа мерзімде артық пайда табу туралы күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырамыз», деп хабарлады қалалық ҚМА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған