Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ ПЕДОФИЛГЕ КАСТРАЦИЯ ЖАСАЛҒАНЫ РАС?

    Төрт тұтқынға химиялық кастрация процедурасы сот шешімімен 2022 жылы мәжбүрлі түрде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Sanur.kz порталы.

    Шымкентте төрт педофилге мәжбүрлі түрде химиялық кастрация жасалды. Бұл туралы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айтылды.

   Тестостерон өндірісін блоктайтын гормоналды препараттарды енгізу, ерлер бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде 2022 жылы қосылды.

«Бізде 2022 жылы химиялық кастрация қолданылды. Бұл сотталғандарға қосымша жазалау шарасы. Әдетте кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық жасаған немесе зорлаған адамдарға қолданылады», – деп түсіндірді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбсаттар Шахиддинов.

   Сондай-ақ сот мегаполисте кәмелетке толмағандар мен жас балалардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Қылмыскерлер көбінесе жәбірленушілермен интернет арқылы танысады. Сондықтан құқық қорғау органдары ата-аналарды сақ болуды сұрайды.

    Айта кетейік, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *