Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ПОЛИЦЕЙДІ ЖАРАЛАҒАН

   Шымкент қаласының тұрғыны учаскелік полиция қызметкерін жарақаттады. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Ер адам полицейдің мойны мен қолдарын жарақаттаған. “6 қыркүйек күні кешке үйлердің бірінде отбасылық жанжал болған. Жергілікті тұрғын оны күйеуі ұрғанын хабарлады. Учаскелік полицей келгенде, ер адамның қолында ас үй пышағы болған. Полицей пышақты орнына қойсын деген талапқа мас адам ашуланып, оны ұрып-соғып, денесіне зақым келтірді”, – делінген ведомоствосында.

   Тәртіп сақшылары шабуылдаушыны залалсыздандырды. Тергеушілер бұл фактіні ҚК 380-бабының 3-бөлігі Өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты билік өкіліне қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылық қолдану бойынша тіркеді.

 Күдіктінің 2015 жылы осы баптың бірінші бөлігі бойынша жауапқа тартылғаны анықталды. Сонымен қатар ол бұрын жұбайының денсаулығына зиян келтіргені үшін қамауда болған және отбасылық дебошир ретінде есепте тұрған.

  Ер адам қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *