Skip to content

ШЫМКЕНТТЕГІ БАЛАЛАР ҮЙІНЕН ҚАШЫП КЕТКЕН ЕКІ ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗ ІЗДЕСТІРІЛІП ЖАТЫР

   Шымкенттегі №3 Балалар үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті, деп хабарлайды Sanur.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

  Полиция қалада жоғалып кеткен екі балалар үйінің тәрбиеленушісі Виола Сурвилова мен Анастасия Косьяненконың іздестіріліп жатқанын нақтылады. Екі қыз 14, 15 жаста. Олар 16 ақпан күні кешке қарай Бархатная көшесінде балалар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

    Анастасияның шашы ашық түсті, қоңыр көзді, бойы шамамен 165-170 см. Көк жейде, қара шалбар киген, аяғында ашық жасыл түсті кроссовка болған.

  Виоланың шашы қара, қоңыр көзді. Клеткалы қызыл күрең жейде, қара шалбар, ақ кроссовка киген.

  «Іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды. Фотосуреттері әлеуметтік желілерге таратылды. Жасөспірім қыздарды көргендер немесе олардың қайда екенін білетін адамдар 102 номеріне немесе 8777 679 18 24 мобильді телефон номеріне хабарласуына болады» делінген хабарламада.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *