Skip to content

ШЫМКЕНТТЕГІ GAP ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС АЯҚТАЛДЫ

    Шымкенттегі GAP қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы азаматтарға тұрғын үй немесе көлік алуға көмектесуді ұсынған, деп хабарлайды Sanur.kz.

  Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда ПК «GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық іс мәресіне жетті.

  «Еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарымен міндетті кіру жарнасы 240 мың теңгені құрайтын тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесу және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімдер жасаған күдікті анықталды.

  Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады», – деп жазды агенттіктен.

  Ведомствоның Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асты.

  Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *