Skip to content

ШЫМКЕНТТІК АНАЛАР БІР РЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛДЫ

     Шымкенттік көпбалалы аналарға Халықаралыөқ әйелдер күніне орай бір реттік төлем тағайындалды, деп хабарлайды Sanur.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

     Қаржылай көмек алтыдан жоғары бала тәрбиелеп отырған әйелдерге берілді.

    Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкеc, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан жыл сайын көп балалы аналарға жергілікті бюджет есебінен мереке күндерге орай бір реттік әлеуметтік көмек төленеді.

       Бүгінде қалада көп балалы аналар саны – 57 488, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған – 11 673 анаға 17 250 теңгеден төленеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *