Skip to content

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕР ЖАРНАМА ҮШІН САЛЫҚТЫ АРТЫҚ ТӨЛЕП КЕЛГЕН

     Шымкенттік кәсіпкерлер жарнама үшін салықты негізсіз артық төлеп келген, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жүгінген кәсіпкер сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салықтарды есептеудің заңдылығын қарауды сұраған.

   Мән-жайды анықтау барысында сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғалары жарнама алаңдарын асыра бағалағаны белгілі болды. Нәтижесінде 100 мың теңгеден астам қаражат кәсіп иелеріне қайтарылған.

   Антикордың ұсынысы бойынша сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркиядан 200 мың дана инкубациялық жұмыртқа әкелуге ветеринарлық сертификат ала алмаған кәсіпкердің де мәселесін шешіп берді.

    Тауарды экспорттаушы ел бастапқы ілеспе құжаттарда қате деректерді көрсеткендіктен, ветеринариялық бақылаудың аумақтық инспекциясы барлық мән-жайларды зерттемей, сертификат беруден бас тартқан.

   Аумақтық ветеринариялық бақылау инспекциясына Антикор жолдаған ұсыныс хаттың нәтижесінде, кәсіпкер сертификатқа қол жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *