Skip to content

SMS-ХАБАРЛАМА АЛҒАН 101 ЖАС ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз жүрген 12 мыңнан астам азаматқа SMS-хабарлама жолдаған. Хабарлама алған 101 жас жұмысқа орналасты. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді, деп хабарлады Sanur.kz.

  «Бұл – пилоттық жобаның бірінші легі болды. Хабарлама 23-35 жас аралығындағы 12 мың азаматқа жолданды, олар зейнетақы жарналарына тексеру жүргізу нәтижесінде анықталған. Оның ішінде 4,8 мыңы элекронды еңбек биржасына тіркелген. Нәтижесінде 101 адам жұмысқа орналасты. Тағы 39 адам кәсіпкерлік негіздерін оқуды бастады», деді вице-министр.

    Айта кетсек, хабарлама алған барлық азамат жұмысқа орналасып, нәтижесін көрсеткеннен кейін ғана қалған азаматтарға SMS-хабарлама жолданатыны атап өтілді.

  Сонымен қатар вице-министр электронды еңбек биржасында Қазақстан бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпарат бар екенін еске салды.

  Бұл ретте Қазақстанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалары іске қосылғанын атап өткен жөн.  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *