Skip to content

СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ҚҰРЫЛҒАН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ САНЫ ТЕК 3% ӨСТІ – МИНИСТРЛІК

        Соңғы бесжылдықта елімізде құрылған жаңа жұмыс орындарының саны тек 3% өсті. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жариялаған «Еңбек нарығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы»Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды Sanur.kz.

       «2000 жылдардың басында шикізат тауарлары нарығында сұраныстың өсуі кезеңінде Қазақстан өнім экспортының көлемін біртіндеп ұлғайтты. Бұл – экономиканың өсуін қамтамасыз етті. Еліміз халықаралық шикізат, көлік және қаржы салаларына ене бастады. Ол өз кезегінде республикадағы барлық салалардың дамуына түрткі болды. Нәтижесінде 2002-2006 жылдары экономиканың нақты өсуі 60%-ды құрады. Ал жұмыс орындарының саны 19%-ға өсті. Дегенмен одан кейін әртүрлі дағдарыстардың әсерінен жалпы ішкі өнімнің өсімі баяулайды. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға кері әсерін тигізеді. Соңғы бесжылдықта жұмыс орындарының саны тек 3%-ға өсті», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жағдайға жасаған талдау құжатында.

      Ведомство дерегінше, 2010-2021 жылдар ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 9%-ға ұлғайған. Алайда, дәл осы аралықта жалдамалы жұмыскерлер саны – 24%, өзін қызметпен қамтығандар 23%-ға қысқарған.

    Қоса кетсек, жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін министрік Еңбек нарығын дамытудың 5 жылдық жоспарын бекітуді ұсынып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *