Skip to content
Главная страница » СОҢҒЫ ЕКІ АПТАДА 440 ЖҰП МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ НЕКЕ ҚИДЫРҒАН

СОҢҒЫ ЕКІ АПТАДА 440 ЖҰП МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ НЕКЕ ҚИДЫРҒАН

   Мобильді қосымша көмегімен некені тіркеу қызметі іске қосылғалы екі апта ішінде 400-ден астам жұп өтінім берген. Бұл туралы Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлім етті, деп хабарлайды Sanur.kz.

«Қазіргі мәліметті нақты білмеймін. Бірақ мобильді қосымша арқылы неке қиюға өтініш беру басталғалы екі апта ішінде 440 жұп Halyk bank мобильді қосымшасы арқылы тіркелді. Бүгінде аталған қосымшаның керек екендігіне көзіміз жетіп отыр», – деді Бекболат Молдабеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

 

   Вице-министрдің айтуынша, неке қиюмен қатар басқа да мемлекеттік қызметтерді мобильді қосымшаның көмегіне жүгінуге болады.

«Басқа да банктердің мобильді қосымшасы арқылы тіркеуге болады. Алдағы уақытта мобильді қосымшаны максималды түрде енгізетін боламыз», – деп толықтырды ол.

 

  Айта кетсек, 2 ақпанда Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы неке қиюды тіркеуге өтініш бере алатындығы туралы айтқан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған