Skip to content

СОТ ОРЫНДАУШЫҒА ӨТПЕСІН ДЕСЕҢІЗ…

        Жетісай ауданында мемлекетке берешегі бар борышкерлердің ісі бойынша  сот орындаушылардың қарамағында 4000-ға жуық атқарушылық іс бар. Осыған орай Түркістан облысы әділет департаментінің бастамасы бойынша орган қызметкерлері рейд жүргізді, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Тұрғындардың мемлекетке берешек салық төлемдерін төмендету мақсатындағы  рейд қаладағы Әуезов көшесінде ұйымдастырылды. Айыппұлдар мен мүлік салықтарын төлемей жалтарып жүрген азаматтарды анықтау мақсатындағы арнайы профилактикалық іс шарасы 26-30-на дейін жалғасады.

НҰРБОЛ НОҒАЙБАЙҰЛЫ;  ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ

Аудан тұрғындарын және мына борышкерлерді салық және айыппұл берешектерін уақытылы төлеуге және сот орындаушыларына өткен материалдары бойынша танысуға шақырамын. Аталған берешектер бойынша уақытылы төлемеген жағдайда сот орындаушысымен сіздің борышкерге қатысты барлық есепшоттары мүліктері автокөліктері бүғатталып, тыйым салынып, айыппұл тұраққа қамалатындығын және борышкердің тіркелген жері бойынша сот орындаушысы шығып, аталған тұрғын үйге кіру арқылы мүліктері тізіліп, сол мүліктері тәркіленеді.

       Рейд барысында аудандық  арнайы жол полициясы көшеде кетіп бара жатқан мәшинелерді тоқтатты.  Тоқтаған көлік иелері сот орындаушыларға өткен берешегі бар-жо­ғын анықтайды. Құқық қорғау органдары көлік иелеріне берешек сомманы уақытылы төлемеудің салдарын түсіндірді. Айыппұлды төлеп қана қоймай, төленгені жөніндегі түбіртекті өткізу қажет екендігін тағы да ескертілді.

     Егер де айыппұл 30 күн мерзімде төленбеген немесе төленген түбіртек уақытылы өткізілмеген болса, ерікті төлеу мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік қаулы мәжбүрлеп орындату мақсатында жеке сот орындаушыларына жолданады. Бұл жағдайда құқық бұзушы өзіне салынған айыппұлдан бөлек жеке сот орындаушысының қызметін төлеуге міндетті болады, яғни салынған айыппұлдың 25 пайызы. Жалпы салық немесе айыппұлды  уақытылы төлемеген жағдайда басқа да жағымсыз жағдайларға тап болуыңыз мүмкін екендігін ескертеміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *