Skip to content
Главная страница » 2000 – ҒА ЖУЫҚ ҚАРУ ӘЛІ ТАБЫЛМАДЫ

2000 – ҒА ЖУЫҚ ҚАРУ ӘЛІ ТАБЫЛМАДЫ

   Қаңтар оқиғасы барысында аумақтық күштік органдар билікті асыра пайдаланған. Жаппай тәртіпсіздік шегіне жеткен кезде Алматы және Қызылорда облысының ұлттық қауіпсіздік комитетінің жеке құрамы қызмет орындарын тастап кеткен. Ал оларға бұйрықты сол кездегі ҰҚК – нің төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары берген. Күні кеше өткен Мәжілістің жалпы отырысында бас прокурор Берік Асылов осылай деді.

   Елді есеңгіреткен қаңтар оқиғасын жұрт енді ғана ұмыта бастағандай болғанда кешегі мәжілістің жалпы отырысы қаралы күндерді қайта еске түсірді. Көтеріліс басталған шақтан шырқау шегіне жеткенге дейінгі сұмдықты жіпке тізгендей баяндаған бас прокурор кінәлілердің де атын атады. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары, бұдан бөлек бұрынғы қорғаныс министірі Мұрат Бектановтың да қатысы бар деді. Ол төтенше жағдай кезінде заңсыз бұйрықтар беріп, стратегиялық нысандарды әскерилердің қорғауынсыз қалдырған деп есептейді. Бұрынғы Қорғаныс министрі елдегі конституциялық тәртіпті қалпына келтіру шараларын қабылдамағанын айтты. Басшылардың әлсіздігі салдарынан жеке құрамның рухы түсіп, қару – жарақ қоймасының тоналуына себепші болды деді бас прокурор.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған