Skip to content
Главная страница » 2022 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ ҚАНША ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ?

2022 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ ҚАНША ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ?

  2022 жылы Елімізде салынған тұрғын үйлердің саны қанша? Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында тұрғын үйдің жалпы аумағын пайдалануға беру 8,8%-ға азайған. 

Мәселен, өткен жылы тұрғын үйлердің жалпы санынан:

  • Жалпы ауданы 8 843,9 мың м2 болатын 1540 көппәтерлі үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылға қарай 91,5%-ды құрады;
  • Жалпы ауданы 6 499,8 мың м2 36 365 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылға қарай 92,6%-ды құрады.

    Бұл ретте, 2022 жылы тұрғын үйдің жалпы алаңының шаршы метрін салуға жұмсалған орташа нақты шығындар 12,2%-ға өсті.

  Республиканың 14 өңірінде тұрғын үйді пайдалануға берудің ұлғаюы байқалды. Өсу қарқыны бойынша Павлодар облысы (32,1%-ға), одан кейін Шығыс Қазақстан облысы (15,4%-ға) және Жетісу облысы (8,8%-ға) көш бастап тұр.

    Сонымен қатар, Ұлытау (29,6%-ға), Маңғыстау (15,1%-ға), Солтүстік Қазақстан (13,1%-ға) және Атырау (7,8%-ға) облыстарында, сондай-ақ Астана (24,7%-ға) және Алматы (34,6%-ға) қалаларында тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған