Skip to content

8,9 МЛН ГА ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕР ЖЕТІСПЕЙДІ

  Елімізде 8,9 млн гектар жайылымдық жер жетіспейді. Өйткені елде мал басы өсіп келеді. Тіпті қосымша қажеттілік 30 гектарға жетуі әбден мүмкін. Бүгінгі Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай деді. Жиында бос жатқан жерлерді қайтарып алу жайы да кеңінен сөз болды.

   Қазақстанда жайылымдық жерлердің үлесі   183,4 миллион гектарды құраса, оның ішінде 82,4 миллион гектар – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.  63,9 миллион гектар – бос жатқан жер бар.  Ал 21,2 миллион гектар – елді мекендерге іргелес және 15,9 миллион гектар – басқа санаттағы жерлер екен. Соңғы кездері мал басының өсуіне байланысты жайылымдық жер тапшылығы қатты сезіледі.Мысалы бір ғана ірі қара 7,7 пайызға өскен. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында мал басының өсу қарқыны шамамен 16 пайызға жеткен.  8,9 млн гектар  жайылымдық жердің  жетіспей отырғаны сондықтан деді  сала министрі. Өз сөзінде қосымша қажеттілік бұдан да көп болуы мүмкін екенін, 15 өңірде жайылымдық жерлердің тапшы екенін айтты.

 Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауылшаруашылығы министрі

 – Ұйымдасқан шаруашылықтарда 5,9 млн шартты бас ауылшаруашылығы жануарлары бар. Яғни,жайылымдардың есептік резерві 30,4 млн гектарды құрауы мүмкін. Республиканың 17 облысының ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарының мал жаюы үшін 15 облыста жайылымдардың тапшылығы байқалады. Әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында.

  Мемлекет басшысының тапсырмасына орай өткен жылы 5,2 млн гектар қайтарылғанын айтқан ведомства басшысы биыл 5 млн гектарды мемлекет меншігіне қайтарылатынын жеткізді. Ал, 90 млн гектар жерге эрозиялық қауіп төніп отырғанын , сонрың ішінде 29,3 млн гектар пайдалануға мүлдем жарамсыз қалғанын айтты. Отырысты қорытқан  Премьер министр Әлихан Смайылов  жайылымдық жерлердің тапшылығы мал басының өсуіне шектеу қойып отырғанын айтып, министьрілк пен әкімдерге  барынша жағдай жасауды тапсырды.

Әлихан Смайылов,  ҚР Премьер-Министрі

– Елді мекендердің жанында жайылымдық жерлердің аз болуы және қолдағы мал басының өсуіне шектеу қойып отыр. Сондықтан жайылымдарды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау қажет. Жайылым жерлерді ауылдан сырт жаққа көшіріп, отарлық мал шаруашылығын дамыту қажет. Қажет болса, жер қорынан жер учаскелерін беру қажет. Шалғайдағы жерлерді сумен қамту мәселесін жергілікті бюджеттердің мүмкінішіліктерін пайдалан отырып, шешу қажет. Ал жер қоры шектеулі аудандарда әкімдіктер жеке қожалықтарды кооперативтерге біріктіріп, малды қолдау ұстау мәселесін пысықтау тиіс. Жалпы өңір әкімдері жайылым мәселесін, оның ішінде қайтарылған жерлерді бөлу мәселесін ерекше бақылауда ұстау қажет.

   Айта кетейік, Жетісай ауданында бұл күнде жайылымдық жер жетіспек түгілі, атымен жоқ. Әкімдік министр берген тапсырмадан нәтиже шығарар ма екен? Уақыт көрсетер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *