Skip to content

ӘКІМ АППАРАТЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

     Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды      Тұркістан облысының  әкімі аппаратына тағайындалған су жаңа басшыны   аппарат қызметкерлері мен  басқарма басшыларына  таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппараты басшысы лауазымына Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды.

    Бұл қызметті осыған дейін атқарған Әуелхан Елтайұлы Тұрғынбеков зейнетке шығуына байланысты басқа жұмысына ауысуына орай өз еркімен қызметінен босатылған болатын. Облыс әкімі аппаратының алдында тұрған шешілуі тиіс мәселелерге тоқталған өңір басшысы тағайындалған аппарат басшысына жаңа міндеттер жүктеді. 

    Еркеғали Әлімқұлов 1981 жылы 6 маусымда Төлеби ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша кеден ісі, құқықтану, экономика. Еңбек жолын 2003 жылы жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі аймақтық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелесті қорғау комитетінде, Бәсекелестікті қорғау агенттігінде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы  Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры, «AMANAT» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары болды. 2022 жылдың мамыр айынан бастап осы күнге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып қызметін атқарып келді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *