Skip to content

АЛАЯҚТЫҚ ЫРЫҚ БЕРМЕЙ ТҰР

  Жетісай ауданында аптасына 5-6 алаяқтық қылмыс жасалады. Әсіресе интернет алаяқтық ырық бермей тұр. Бұл туралы халық алдында жылдық есебін берген аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Сапарбеков Әділбек Әбдірайымұлы айтты. Ауданның бас полицейі мал ұрлығына да тоқтам болмай тұрғанын жеткізді.

  Иә, ақпараттық – технологияның қарыштап, дамыған тұсында интернет алаяқтыққа құрық салу қиын боп тұр. Әсіресе телефон арқылы алдап соғатындар көп ақ. Алаяқтық түрі мұнымен ғана шектелмейді,- дейді бөлім басшысы. Бір ғана “Индиго” қаржы пирамидасына 3000 адам алданып, 6 млрд теңге залал келтірілген.

Әділбек Сапарбеков, Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі

   Интернет желісі арқылы жасалатын қылмыстардың банктік карталардың алды артын суретке түсіріп, кодын айтуы, азаматтардың жеке куәлігін суретке түсіріп, банктік карталарына қанша аударылады деп алдап, банктік карталарындағы ақшаларды оңай жолмен шешіп алу әрекеті. Әртүрлі қызмет көрсету түріндегі алақтық әрекеттері жұмыс іздеушіге жұмыс тауып беру мақсатында, жұмысқа тұрғызам деп қызмет ұсынғаны үшін алаяқтық жолмен жоғары бағада ақша қаражатын алу, жылжымайтын мүліктерді өз аттарына немесе туыстарының аттарына құжаттарды жалған жасау, жаңа тұрғын үйден пәтер алуға көмек көрсетемін деп алған қаражаттарды жеке басына жұмсау, банк жүйелеріндердегі несиелерді рәсімдеп алу, ұялы телефонмен сөйлесе тұрайын деп қайтармау, алып қашып кету.

 Әділбек Сапарбеков, Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі

   Ауыр және аса ауыр қылмыстардың тіркелуі 20 пайызға, оның ішінде аса ауыр қылмыстардың тіркелуі 93,8 пайызға кеміді. Есеп беріп отырған мезгілде профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қылмыстардың жекелеген түрлері , атап айтқанда, кісі өлтіру 6-1-ге төмендеген, зорлау қылмысы 80 пайызға 5- тен 1- ге төмендеген. тонау қылмысы 6-дан 5- ке төмендеген. Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары 102 -ден 95 – ке төмендеген.

   Аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қылмыстың алдын алу бойынша жүргізген тындырымды тірлігіне қарамастан бұрын сотты болғандар мен кәмілет жасына толмағандар арасында қылмыс саны артқан. Жол көлік оқиғалары салдарынан болатын адам өлімі мен жарақат алу фактілері де көбейген. Сондықтан 2023 жылы қала бойынша СЕРГЕК камералары 5 жерге орнатылмақшы екен. Дәл қазір Таубай-ата тас жолындагы СЕРГЕК камерасы жұмыс істеп тұр. Бөлім басшысының баяндамасын ұйып тыңдаған жұрт өз ойларымен де бөлісті. Сұрақтардың басым бөлігі жол қауіпсіздігін жақсартуға арналды. Ал, аудан прокуроры әйелдер мен балаларға жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, күресуге мән беруді ұсынды. Жалпы Жетісай аудандық полиция бөлімі басшысының өткен жылы атқарған жұмыстарының есебін тыңдауға жиналғандардың қарасы қалың болды. Жұрт қанағаттанарлық деген бағасын берді.

Жұмабек Бапиев, қала тұрғыны, қоғамдық кеңес мүшесі

  Өткен жыл қылмыс азайды, өйткені опорный пункттер өте көп. Осы участковыйлардың арқасында қылмыс азайып жатыр деп есептеуге болады. Бүгін начальный милицияның есеп бергені өте орынды. Біз қолдаймыз. Мал ұрлығы мәселесі де айтылды. Зорлық – зомбылық, зорлап кету, ондай да мәселе айтылды. Бәрі орынды.

   Сонымен, ауданның бас полицейі халық алдында есеп беріп, ақсақалдардың ақ батасын алып, міндетінен құтылды. Бірақ қылмыстың алдын алу, тұрғындардың құқығын қорғау, өңір тыныштығын сақтау міндеті мойнынан түспек емес.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *