Алпамыс батыр – қазақ халқының жауынгерлік рухы . Бүгін осындай айдармен мектеп оқушылары арасында өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды Sanur.kz. Биыл алғаш рет тұсауы кесілген өнер додасына Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі ұйытқы болса, белгілі кәсіпкер Бауыржан Оңғарбаев демеушілік жасады.
Жиделі байсын жерінде, Қоңырат деген елінде деп басталатын “Алпамыс батыр” жыры бүгін қайта жаңғырғандай. Тау тұлғалы батырдың есімі ұлықталып, жыры жатқа айтылды, арнау өлеңдер оқылды. Баһадүрдің жауынгерлік рухын жас ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат тұтқан өнер фестивалі батыр есімін иеленген білім ұясында өтті. Шараға ауданның барлық мектептерінен 240 – қа жуық өнерпаз қатысты. Кештің шымылдығын аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Шукурбаева ашып беріп, жас өрендерге сәттілік тіледі. Сәттілік серігім болсын ниетпен, жеңіске жетсем деген үмітпен бәйгеге түскен Бегалы Жанболат та “Алпамыс батыр” жырын жаттап өскен, қайсарлығын бойына сіңірген жас таланттың бірі.
Жанболат Бегалы; оқушы
– Алпамыс батырдың бойындағы жауынгерлік, қорқыныш болмау сынды қасиеттерді бойыма сіңірдім. Әрқашан алға қарай ұмтылуды түсіндім. Алдағы қоятын мақсатым – осы өнер фестивалінде жеңіске жетіп, жүлделі орындардан көріну
Биыл алғаш рет қолға алынған фестиваль жалпы төрт түрлі байқаудан тұрды. Атап айтқанда “Алпамыс батыр жырынан үзінді оқу, Жыр мүшайрасы”, Ұлт – өнері – ұлағат ” және “Қылқалам шеберлері” атты сайыстардан құралды. Қара сөзден қамшы өрген жас ақындар батыр ерлігін өз шығармаларына арқау етсе, қылқалам шеберлері бояуларына көрік беріп, өр тұлғасын ақ қағаз бетіне өрнектеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба көптің көңілінен шықса, өміршең етеді.
Бауыржан Кеттебеков; Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері
– Бұл өзі көптен бері ойда жүрген проект болатын. Аудандық білім бөлімі жалпы оқушыларға батырлық дәстүрін таныту, Алпамыс жырын білу, осы өлкенің тарихын білдіруне бағытталған жоба. Енді бұл жаңдан басталып жатқан бастама. Жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың, ұстаздардың көңілінен шыққан жағдайда осы бастаманы дәстүрлі фестивальге айналдыру жоспарымызда бар.
Қазақ ауыз әдебеитенің жауһары Алпамыс батыр жыры бүгін осылайша Мырзашөл топырағында, жас ұрпақтың санасында қайта түледі.. Бір әттегенайы, осындай ауқымды, тәрбиелік мәні зор жобаның жүлде қоры болмауы.